NewsPRESS RELEASEӘлеуметДінҚылмыс пен жазаӨзекті мәселеПробация қызметі

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаралым: 27
              Ағымдағы жылдың  19 мамырында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ғимаратында, пробация қызметтеріне басшылық жасау бөлімінің ұйымдастыруымен – Шымкент қалалық пробация қызметтері бөлімдері есебінде тұрған сотталғандар арасында “Дәстүрлі емес діни ағымдардың салдары” тақырыбында Шымкент қаласы дін істері басқармасы мамандары ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
            Бүгінгі таңда өте өзекті болып отырған мәселеге арналған іс- шара барысында қазіргі таңдағы әлеуметтік желідегі кереғар діни ағымдардың қоғамға, жастарға ерекше әсері, қауіптілігі жайында айтылды. Сондай-ақ, теолог маман еркін форматта өткен кездесу барысында пробациялық есепте тұрғандармен сұрақ-жауап алмасып, сотталған азаматтарды қызықтырған сауалдарға жан-жақты жауап берді әрі олардың  өз пікірлерін тыңдады. Соның нәтижесінде осы жиын екі жақ үшін де қызықты болып өтті.
Шымкент қаласы, Тұран аудандық пробация қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *