Құттықтау

АҚИҚАТТЫҢ ЖҮРСІҢ ТУЫН КӨТЕРІП

Қаралым: 53
( Боранбай Құдияровқа)
Азамат боп жұмыр жерде жүргесін,
Елдің сөзін сөйлемеу де ерге сын.
Боранбай деп қойған болар атыңды
Желтоқсанда борандатып келгесін.
Қажымастан, әлі сергек күйіңде,
Жетпіс жасқа толып жатсың бүгінде.
Жас жігіттің қуаты бар бойыңда,
Журналистің уыты бар тіліңде.
Ақ ниетті, аңқылдаған ағасың ,
Ажыратқан ақ пен қара арасын.
Тоғышарлар кемшілікке жол берсе,
Аямастан түйреп- түйреп аласың.
Қыздырасың көсемсөздің көрігін,
Ашық жарқын жаз күніндей көңілің.
Ақиқаттың жүрсің туын көтеріп,
Соныменен мәнді, сәнді өмірің.
Қырсыздарды алып ұрар жамбасқа,
Жарасады жансың десем нарқасқа.
Шарқ ұратын шабыттанған шағыңда,
Ағыл- тегіл ақындығың бір басқа.
Ойнағанда гитарада саусағың,
Аударады тыңдаушының аңсарын.
Арулармен таң атқанша билеген,
Еріксізден еске түсер бал шағың .
Азаматтың абыройын көтерер,
Өн бойыңнан табылады жеті өнер.
Борандатып, қажет кезде селдетіп,
Тоқсанға да аман-есен жете бер .
               Зікіра ҚОЖАЕВ, ақын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *