АЭС негізінен үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, әсіресе халық саны көп аймақтар үшін маңызды. Сондай-ақ, атом электр станциялары парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады.
Ең бастысы ол тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық. Сонымен қатар ол Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта елде электр энергиясы негізінен көмірден өндіріледі, ал атом энергиясы бұл саладағы әртараптандыруға ықпал ете алады. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді перспективада АЭС арзан әрі тұрақты энергия көзі болуы мүмкін. Бұл ел экономикасының дамуына және өнеркәсіптің өсуіне үлес қосады.
Бұларға қоса АЭС салу жоғары технологиялық саланы дамытуға, ғылым мен техниканың алға жылжуына септігін тигізеді. Сол себепті еліміз үшін оның пайдалары көп.
Ақмаржан ҚАЛЫБАЕВА,
Мырзакент кенті.