ӘлеуметӨзекті мәселе

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Қаралым: 20
          Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұрақты тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына, сондай-ақ басшылық лауазымдарды атқармайтын кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатынын хабарлаймыз.
          Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығына сәйкес, аталған санаттағы азаматтар әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін өтінімдерін «Otbasy bank» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жылжымайтын мүлік порталы арқылы бере алады.
        2026 жылға белгіленген әлеуметтік қолдау шаралары төмендегідей:
  • 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;
  • тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит:
    • Мырзакент кентіне жұмысқа келген мамандарға – 2500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
    • ауданның өзге ауылдық елді мекендеріне келген мамандарға – 2000 АЕК-тен аспайтын мөлшерде.
         Аталған қолдау шаралары ауылдық жерлерге білікті мамандарды тартуға, олардың тұрақты еңбек етуіне және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды мемлекеттік бастама болып табылады.
МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА  ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *