Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Аутизмге шалдыққан балаларды дамытуға арналған жаңа орталық ашылды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Аутизмге шалдыққан балаларды дамытуға арналған жаңа орталық ашылды

Аутизмге шалдыққан балаларды дамытуға арналған жаңа орталық ашылды

       
         Алматы облысы, Талғар ауданында «International Marmara Academy» – аутизмге шалдыққан балаларlды дамыту орталығы ашылды.
        Аталған білім ордасына арнайы барған Түркия Республикасы Алматы Бас консулы Эврен Мүддерисоғлұ Орталықтың қызметкерлерімен, тәлім алып жатқан балалармен кездесті. Ерекше балалардың Қоғамға оңай бейімделуі, жарқын болашаққа еркін қадам басуында өте маңызды рөл атқаратынын айтты: «Түрік-қазақ достығын нығайту мақсатында әр салада ынтымақтастықты күшейте береміз. Осы орайда, Түркияға танымал өнер қайраткері Леля Байрамоғуллары ханым әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қазақстанда концерт қоюға келді. Солардың бірі – бүгін ерекше балалар үшін болатын концерт». Түркиядан Алматыға арнайы келген Анталья Мемлекеттік симфониялық оркестрінің флейташысы Леля Байрамоғуллары: «Балалар – біздің болашағымыз. Мен шетелдік сапарларымда балаларға өнеріммен қуаныш сыйлауға тырысамын. Қазақстанға келгенде де осы үрдістен жаңылмадық», – деді.
          «International Marmara Academy» Білім жөніндегі үйлестірушісі Хилал Ачыкгөздің айтуынша, балаларға арнайы білім бағдарламаларымен қатар дене шынықтыру жаттығулары, жүзу, үстел теннисі, физиотерапия, тіл және сөйлеу терапиясы, қоғамға әлеуметтік бейімделу, футбол, жеңіл атлетика, гимнастика, коньки, велосипед т.б. салалар қамтылған.
            Аталған орталық Түркиядағы 35 шет мемлекеттегі 11 мың балаға білім беретін Мармара аутизм білім, терапия және спорт орталығының филиалы ретінде ашылған.
Нәзия Жоямергенқызы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1