PRESS RELEASEАуыл шаруашылығыКәсіпкерлікЭкономика

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Қаралым: 27
           Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-cәуірінде  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 4986106 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  81,2 % құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5228,5 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,2 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 504,6 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 4723,9  млн. теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1104,3  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,4 %, бөлшек сауда тауар айналымы 1231,0 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  103,8  % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,2 мың адамды құрады.
2022 жылғы  бірінші тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 206533 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы бірінші тоқсанына қарағанда
127,4 % құрады.
        Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 сәуірге  Мақтаарал ауданындағы халық саны 135078  мың адам, халықтың табиғи өсімі 670  адам, туу- 834  адам,  қайтыс болғандар  164  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 162  отбасы,  ажырасқандар-12. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер- 1259 адам, кеткендер- 1763 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-сәуірге Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда  102,4 % болып  және  38151 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал аудандықСтатистика басқармасының басшысы.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *