Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАНЫМЫЗДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАНЫМЫЗДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

АУДАНЫМЫЗДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

       Еліміздің айтулы мерекесі – Республика күні мерекесі қарсаңында Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Спорт — бізді біріктіреді» тақырыбымен спорттың кіші футбол түрінен жастар арасында аудандық жарыс өтті.
       Жетісай қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде этнос жастары арасында өткен теңбіл доп шеберлерінің жарысына Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Данияр Мырзамуратов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Нұршарифиддин Мейірбек қатысты.
       Аталмыш футбол турнирінің мақсаты бірнеше ұлттың өкілдері тұратын аудан жастары арасындағы достық пен толеранттылықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Спортқа жаны құмар жастардың арасында өткен аудандық турнирде 10 команда өз бақтарын сынады.
       Қызықты да тартысты өткен турнирде: І орын — “Ақ жол” командасына, ІІ орын — “Әл-Фараби” командасына, ІІІ орын — “Айдос” командасына бұйырса, “Үздік ойыншы” атағын — Тұрдымұратов Еламанға, “Үздік қорғаушы” — Тұрсұнов Тоймұрад, “Үздік қақпашы” — Мұсылман Нұркен иеленді. Тартысты өткен сайыстың жеңімпаздарына арнайы дипломдар, медальдар мен кубоктар табысталды.
      Айта кетеррлігі ауданымызда жастар арасында осындай спорттық жарыстар жиі өткізіліп тұрады. 17-қараша студенттер күніне орай, орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында «Спорт-біздің серігіміз!» ұранымен волейболдан турнир өткізіліп, онда Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі жүлделі І орынды иеленсе, турнирдың «Үздік қорғаушысы» номинциясымен ДШБ 22-1 тобының студенті Тәжімахан Мақсат Айтбайұлы марапатталды. Сонымен қатар, жақында «Жастар ресуртық орталығының» ұйымдастыруымен жастарға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара Жетісай қаласындағы “Хамза” жабық спорт кешенінде аудан жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» спорттық шарасы өткізілді. Мұндай спорттық шаралар алдағы уақыттарда жалғастыру жоспарланып отыр.
С.ҚУАНЫШБЕК,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1