ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әкімдердің халық алдында есеп беруі жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінің әкімі Нұралы Жолдасбек кент тұрғындарына 2025 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Осы есептік жиынға кент ақсақалдары, кенттің белсенді тұрғындары, жастар мен түрлі сала өкілдері қатысты. Тұрғындарға әкім кент көлемінде жүзеге асқан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобаларға, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен сұрақтар да қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.
Есептік жиын соңында кент тұрғындары әкімнің атқарған жұмысына оң бағаларын беріп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар жалғасады деген сенім білдірді.