Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АСКАРИДОЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АСКАРИДОЗ

АСКАРИДОЗ

        Аскаридоз – бұл Ascaris lumbricoides жұмыр құрттарынан туындайтын антропонозды геогельминтоз. Құрттың ұзындығы 15-35 см, диаметрі 2-6 мм дейін болады.    Көбінесе адамның аш ішегінде өмір сүреді.
Аналығы тәулігіне 250 мыңға жуық жұмырқаларын салады, олар нәжіспен сыртқы ортаға топыраққа шығады. Топырақта жетілген жұмыртқалар тамақпен, лас қолмен адамның ішегіне түседі. Бұдан әрі даму үшін оларға оттегі қажет болғандықтан, қан арқылы өкпеге өтеді. Өкпенің альвеоларында жұмыртқалардан дамыған аскарида дернәсілдері жұтқыншаққа дейін көтеріліп, тамақ, сілекей, қақырықпен қайтадан ішекке түсіп, осында дернәсілдер аталық пен аналыққа айналады. Аскариданың дамуы – құрттың жұмырқасын жұтқаннан аналықтың жұмырқа салуына дейін 60-100 тәулік құрайды. Аскариданың өмірі 11-13 айға дейін созылады.
       Аскаридозбен науқастанған адам стационарлық немесе амбулаториялық жағдайда дәрігердің бақылауында емделуі тиіс. Науқастарға гельминтке қарсы дәрілер мен симптоматикалық ем қолданылады.
      Онымен ауырып сауыққан адамдарға емделуден соң 10-15 күн аралығымен 3 рет нәжісін тексеру арқылы диспансерлік бақылау жүргізіледі.
 Алдын алу шараларының негізгісі – науқастарды белсенді анықтау және оларды емдеу. Әр ауданда аскаридоз ауруы бойынша тәекел тобы анықталып (мектепке дейінгі балалар және бастауыш сыныптағы мектеп оқушылары, ауылшаруашылық, жылыжай қызметкерлері, саябақшылар), жылына бір рет тексеріледі.
      Санитариялық-гигиеналық шаралардың бастысы – қоршаған ортаны нәжіспен ластанудан қорғау: елді мекендерді санитариялық абаттандыру, кәріз жүйесін орнату, кәрізі жоқ әжетханада өткізбейтін шұңқыр  жасау, оларды уақтылы тазалап, залалсыздандыру.
А.ЕРЖИГИТОВА,
 Мақтаарал аудандық санитариялық-  
 эпидемиологиялық бақылау басқармасы
жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1