Қоғам

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Қаралым: 20
        Ел басына күн туғанда қолына қару алып, Отан үшін от кешкен жерлестеріміз қаншама. Қанды қырғында жаумен аянбай шайқасқан ержүрек майдангерлердің қаһармандығы  ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Жеңіс мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Сәрсекбаев, аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұловалар ҰОС ардагері Сейітмұрат Құзжанов пен Николай Константинович Дзециннің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
       Қос майдангерге Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің құттықтау хаты мен 1 миллион теңгелік бір реттік материалдық көмек қаржысының сертификатың, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.
       – Жеңіс күні Сіздердің көңілдеріңізге нұрлы шуақ ұялатып, жарқын қуаныштар әкелсін. Өздеріңізге мықты денсаулық, ұзақ өмір, жанұяларыңызға амандық, мол жақсылықтар тілейміз,-деді аудан әкімі Б.Асанов.
«Мақтаарал» ақпарат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *