Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ

        Ардагер – құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым.   Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық «АРДАГЕР» деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана ардагер бола алады.
            Міне, осындай «АРДАГЕР» деген қасиетті ұғымды қастерлей білетін жетісайлық жұртшылық Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» орай аудан ардагерлері арасында бильярд пен шахматтан жарыс өткізді.
              Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, спорт жанашыры Айдархан Өтенұлын еске алуға арналған ауданның ашық біріншілігіне 70-ке тарта ардагер қатысып, өз бақтарын сынады.
             Аталмыш сайысты өткізуге Жетісай қаласы әкімдігі мен аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі, аудандық ардагерлер кеңесі ұйытқы болса, Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы, «Жетісай ауданының үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің  президенті, меценат Әлихан Айдарханұлы демеушілік жасады. Бабы келісіп, бағын сынауға келгендердің көпшілігі 63 пен 90 жас аралығында.
          Жарыстың ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бекарыс Әбіллаев, Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев пен спорт ардагері Бақыт Жаңбырбаев, БАҚ өкілдері қатысты. Шаһар басшысы ардагерлерді айтулы мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт тіледі.
           «Бұл жарыстың басты мақсаты – ардагерлерімізге мерекелік көңіл-күй сыйлап, бір-бірімен дидарластыру, бос уақыттарында аз да болса спортпен шұғылдануларына жағдай жасау болды. Біздің бастамамызды қолдап, демеушілік жасаған Әлихан Айдарханұлына, ұйымдастыру алқаларына айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақыттарда да мұндай шараларды ұйымдастыра беру жоспарымызда бар. Бүгінгі мерекелік жарыста жеңіске жеткендер мен белсене қатысқан ардагерлеріміз бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталатын болады» дейді аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жахангир Айнабеков.
          Айта кетейік, аудандағы ардагер спортшылар арасында бұған дейін де волейбол мен кіші футболдан, шахмат пен дойбы ойындарынан бірнеше ашық біріншіліктер ұйымдастырылып өткізілген болатын.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1