NewsЖаңалықтар

АПТАП ЫСТЫҚТА БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАНДЫ

Қаралым: 14
        Мақтаарал ауданында шілде айының аптап ыстығында балалардың денсаулығын қорғау мен жазғы демалысын көңілді өткізу мақсатында арнайы сергіту шарасы ұйымдастырылды.
       Қазіргі таңда өңірде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталуда. Осыған байланысты аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасына сәйкес, жоғары температураның кері әсерін азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.
      Осы мақсатта аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жазғы сауықтыру лагерінде тынығып жатқан балаларға ерекше тарту жасалды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы су тасығыш техникалары лагерь аумағына салқын су сеуіп, балалар үшін сергітетін су ойындарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, демалушыларға балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
       Балалар қызықты шараға белсене қатысып, аптап ыстықтан сергіп қана қоймай, жазғы демалыстың әсерлі сәттерін бастан өткерді. Мұндай игі бастама олардың қауіпсіз әрі жайлы тынығуына қолайлы жағдай жасап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
      Аудан әкімдігі тұрғындарды аптап ыстық кезінде денсаулыққа мұқият болып, күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *