Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-НЫҢ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ CFA ® -ГЕ ҚОСЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-НЫҢ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ CFA ® -ГЕ ҚОСЫЛДЫ

АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-НЫҢ БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАСЫ CFA ® -ГЕ ҚОСЫЛДЫ

Бұл Қазақстанның жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU  Орталық Азияда  алғашқы болып CFA ®-ге қосылды және бакалавриат  бойынша аталған институттың әріптестік бағдарламасына қатысушы атанды.
     Білім беру бағдарламасының мазмұнын терең талдай келе, институт сарапшылары KAZGUU-дің  «Қаржы» бакалавриаты бағдарламасы CFA Level 1 кәсіби сертификаттау мазмұнын 91% — ға жабатынын атап өтті.
      «Қазақстан халқының белгілі бір бөлігінде жинаған ақшасы бар. Бірақ инвестициялаудың құралдары өте аз. Көріп отырғанымыздай, олар жылжымайтын мүлік нарығына белсенді түрде инвестиция салуда.   Бұл әрекеттері тұрғын үй бағасының өсуіне әкелуде. Сондықтан нарыққа инвестициялау саласында сауатты  жұмыс істей алатын  білікті мамандар қажет», — дейді KAZGUU-дің Экономика жоғары мектебінің директоры Сәуле Кемелбаева.
      Институттың әріптестік бағдарламасы қатысушылары арасында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Австралия, Гонконг және бірқатар Еуропа және Азия елдерінің беделді университеттері бар.
        «CFA — қаржы саласындағы ең беделді сертификация болып табылатыны кездейсоқ емес. Өйткені, аталған сертификацияға   ие адамдар (holders) әлемде, әсіресе Қазақстанда аз. Бұл ұлттық және халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға бірегей мүмкіндік ұсынатын өте күрделі және кең құзыретті сертификаттау компаниясы. Олар біздің үздік студенттерімізге сертификат емтиханын тапсыруы үшін  жыл сайын стипендия алу құқығын да беріп отыр»,— дейді Сәуле Кемелбаева.
* CFA Institute — 1963 жылдан бастап жұмыс істейтін инвестиция саласындағы кәсіпқойлардың жаһандық қауымдастығы. Аталған бағдарлама бүкіл әлемдегі қаржы талдаушылары мен консультанттарының және басқа да инвестициялық мамандардың дағдылары, адалдығы мен құзыреттілігінің стандарттарын белгілейді. Бұл инвестициялау саласындағы ең қатаң сертификаттау бағдарламасы болып саналады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1