Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛМАТЫҒА АҚШ-ТЫҢ ЖАҢА БАС КОНСУЛЫ КЭРОЛАЙН СЭВИДЖ КЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АЛМАТЫҒА АҚШ-ТЫҢ ЖАҢА БАС КОНСУЛЫ КЭРОЛАЙН СЭВИДЖ КЕЛДІ

АЛМАТЫҒА АҚШ-ТЫҢ ЖАҢА БАС КОНСУЛЫ КЭРОЛАЙН СЭВИДЖ КЕЛДІ

АЛМАТЫ, 23 ТАМЫЗ, 2021 
      — Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж ханымның келгенін хабарлайды.
      Бас консул Сэвидждің консулдық аймағына Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары кіреді.
        “Бас консул қызметіне кірісу үшін бұл ерекше уақыт, себебі биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне отыз жыл толғалы отыр, әрі екі ел болып АҚШ пен Қазақстан дипломатиялық қатынасының отыз жылдығын атап өтудеміз”, деді Бас консул Сэвидж. Әлі де қарқыны басылмаған пандемия да осы осы күні ерекше назарда және екі еліміздің COVID-19 індетіне қарсы бірлескен күресі АҚШ Миссиясының басымдылығы болып қала береді.
       Бас консул Сэвидж — АҚШ-тың қазақ тілін Қазақстанға келер алдында оқып-үйренген алғашқы Бас консулы. “Осы қызметіме дайындалу кезінде қазақ тілін аса қызығушылықпен оқыдым. Қазақ тілін ендігәрі Қазақстан халқымен байланысымызды тереңдетіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін қолдануға асықпын”, деп атап өтті Бас консул Сэвидж.
           Бас консул Сэвидж АҚШ Мемлекеттік департаменттегі қызметін 2004 жылы бастаған. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы болып тағайындалғанға дейін ол Вашингтонда орналасқан Жаһандық қоғаммен байланыс бюросының Шетелдік БАҚ өкілдері орталығын басқарған. Вашингтонда қызмет еткен жылдары Сэвидж ханым Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бөлімінің басшысы және Ресей бөлімінде Саяси, әскери және сыртқы істер кеңесшісі, сондай-ақ Джорджтаун Университеті Дипломатияны зерттеу институтының Вирджиния және Дин Раск атындағы стипендия иегері және зерттеуші болды.
         Шетелде қызмет еткен жылдары Бас консул Сэвидж Әзірбайжан мен Мозамбиктегі АҚШ елшіліктерінде Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші, АҚШ-тың Беларусьтегі елшілігінде Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші және консул, ал Люксембургтегі АҚШ елшілігінде Саяси және виза мәселелері жөніндегі қызметкер болған. 
БАҚ өкілдерімен байланыс:
Кәмшат Төлеулиева, +7 777 227 44 16; MediaAlmaty@state.gov
Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1