Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН 80-ГЕ ЖУЫҚ КҮДІКТІ БОСАТЫЛМАҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН 80-ГЕ ЖУЫҚ КҮДІКТІ БОСАТЫЛМАҚ

АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН 80-ГЕ ЖУЫҚ КҮДІКТІ БОСАТЫЛМАҚ

     2022 жылы 2 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды.
      Қанды қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт шерумен бірге алаңға шығып, артынан арандатушылардың торына түсіп қалғандар көп. Аталған Заң бойынша осындай қаңтар оқиғасына қатысушылардың біразы ақталып, әртүрлі деңгейде қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмақ.
      Жыл басында еліміздегі ең үлкен мегополис – Алматы қаласындағы № 72 мекемесіне (тергеу изоляторы) қаңтар оқиғасына қатысты 563 адам қамалған болатын. Бүгінде оның 65-і жазасын өтеу орындарына кетсе, 416 адам түрлі негіздер бойынша қамаудан босатылды. Қазір тергеу изоляторында қаңтар оқиғасына қатысты 82 адам ұсталуда.
       «Рақымшылық жасау туралы» заңына байланысты осы күдіктілерге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Олардың арасында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылатындар мен жазасын жеңілдетуге жататындар бар, керісінше 3 адамның жасаған қылмысы рақымшылық жасауға жатпайды.
       «Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолдану үшін барлық материалдар Алматы қаласының аумақтық сотына жіберілді.
         Аталған Заңда террорлық, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық жасау, азаптау, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайтыны көрсетілген.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1