Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

         Абай облысында ұлттық ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
          Бұл маңызды жиын – Қазақстан Республикасының
2023 – 2029 жылдарға арналған мәдени саясаты тұжырымдамасының жүзеге асуына бағытталған нақты іс-шаралардың бірі ретінде ұйымдастырылды. Семинарға еліміздің әр өңірінен келген тіл саясаты саласының мамандары, ономастика бойынша зерттеуші ғалымдар, облыстық және қалалық әкімдіктердің тіл бөлімдерінің өкілдері, сала сарапшылары мен қоғам белсенділері қатысты.
       Ұлттық атаулар – ұлт рухының темірқазығы
        Семинар жұмысы барысында, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерінің атауларын тарихи әділеттілік негізінде қайта атау, идеологиялық жағынан ескірген атауларды ауыстыру және тарихи тұлғалардың есімдерін елді мекендерге, көшелерге беру мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, әдістемелік ұсыныстарды ортақтастыру, тәжірибе алмасу және атау беру үдерісінің қоғамдағы тарихи сананы жаңғыртудағы рөлін нақтылау бағытында өз ойларын ортаға салды.
        Семинарда көтерілген негізгі мәселелердің бірі – Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін ұлықтау болды. Осыған орай, ардагерлердің аттарын мәңгі есте қалдыру мақсатында елді мекендердің, көшелер мен нысандардың атауларын беру жөнінде ұсыныстар қаралды. Бұл бастама – Отан үшін жанын қиған боздақтарға деген құрметтің бір көрінісі ретінде бағаланды.
     Ономастика – тарихи жадыны жаңғыртудың құралы.
         Семинарда сөз сөйлеген тарихшы, филолог және мәдениеттанушы ғалымдар ономастика ғылымының мәні мен маңызына тоқталып, атау беру тек формалды науқан емес, ол – тұтас ұлттың рухани әлеміне әсер ететін, тарихи жады мен мәдени тұтастықты сақтайтын маңызды құрал екендігін атап өтті. Олар қазақ ономастикасының бүгінгі тынысы мен болашақ даму бағдарын айқындауда ғылыми талдауға, тарихи деректерге және қоғамдық сұранысқа сүйенудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, семинарда елді мекендердің тарихи атауларын қайтару, төлтумалық сипаттағы жер-су атауларын жаңғырту, ономастика саласын ақпараттандыру және бұл саладағы шешім қабылдау процестеріне қоғамның белсенділігін арттыру сынды бағыттар бойынша нақты ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, қатысушылар өзіндік еркін ойымен бөлісті.
         Өңірлік тәжірибе – ортақ іске қосқан үлес
         Абай облысының тілдерді дамыту саласындағы тәжірибесі, ономастикалық комиссиялардың жұмысы және жергілікті жердегі тарихи атауларды қалпына келтіру бағытындағы жетістіктері жиын барысында үлгі ретінде ұсынылды. Өңірдегі кейбір тарихи жер-су атауларының қайта оралуы, танымал тұлғалардың есімдерінің ел есінде сақталуына жасалған жағдайлар оң тәжірибе ретінде бағаланды.
         Семинарға қатысушылар арасында өзара пікір алмасу белсенді жүрді. Тіл саясаты және ономастика саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан мамандар өз өңірлеріндегі оң және күрделі тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
       Семинар – тың ұсыныстар мен болашақ жоспарлардың мәйегі
         Жиын соңында, қатысушылар тарапынан ономастикалық үдерісті жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды. Бұл құжат алдағы уақытта республикалық деңгейде әдістемелік құрал ретінде пайдаланылып, өңірлердің ономастикалық комиссияларының жұмысына бағыт-бағдар беретін болады.
        Семинардың қорытындысы бойынша, бұл шара, тек бір саланың емес, тұтастай ұлттық сана мен тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған кешенді жұмыстардың бастамасы ретінде бағаланды. Ұлттық ономастика мәселелерін талқылаған бұл алқалы жиын – тілдік кеңістігімізді жүйелеу, рухани жаңғыру және ұрпақ санасына тарихи танымды орнықтыру жолындағы маңызды басқосулардың бірі болды.
Атаева Мейрамгүл Балабайқызы,
Абай облысы, Бородулиха ауданының «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1