Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӨРГЕБАСТЫҚТАР МАҢҒЫСТАУҒА БІР ВАГОН ШӨП АТТАНДЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ӨРГЕБАСТЫҚТАР МАҢҒЫСТАУҒА БІР ВАГОН ШӨП АТТАНДЫРДЫ

ӨРГЕБАСТЫҚТАР МАҢҒЫСТАУҒА БІР ВАГОН ШӨП АТТАНДЫРДЫ

         Өткен жылы топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылының тұрғындары Маңғыстау облысына 1 вагон шөпті аттандырды. Жіберілген гуманитарлық көмек Маңғыстаудың Жаңаөзен ауданындағы шөп жетіспеушіліген қиналып жатқан шаруаларға тегін үлестірілетін болады.
          Ауылдың қариясы, ауданның құрметті азаматы Ережеп Қанаевтың бастамасымен Өргебас ауылының тұрғындары 1,6 миллион теңгеден астам қаржылай қор жинақтады. Аталған қаржыға 1100-ден астам нығыздалған шөп сатып алып, көмек ретінде Маңғыстау облысына аттандырды. Бұдан бөлек, ауылдың 30-дан астам тепсе темір үзетін жігіттері Сарыағаш ауданындағы Құрмет Талапқазы бастаған еріктілер тобына қосылды. Өргебас ауылынан барған арнайы жасақтың миссиясы — батысқа аттанып жатқан басқа да вагондарды толтырып жіберу үшін шөп оруға көмектесу.
        «Былтыр Мақтаарал ауданына қарасты 5 ауылды топан су басқанда ең алғашқылардың бірі болып Маңғыстау, Атырау облыстарынан көмек келген болатын. Мал қайғысы — жан қайғысы демекші, батыстағы ағайындарымыздың төрт түлігі аштан қырылып жатқанда біз үйде жайбырақат қарап жата алмайды екенбіз. Міне, 30 жігітті бастап құрал-саймандарымызбен, су-тамағымызбен шөп оруға келдік» — деді ауыл тұрғыны Берікбай Донаев.
            Өргебас ауылының тұрғындары бұған дейін де қатты дауылдан жапа шеккен Түркістан облысы Отырар ауданына 1 миллион теңгеден астам қаржылай көмек берген болатын.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1