NewsPRESS RELEASEҚоғамМерекелік шара

ӨЗ ЖҰМЫСЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙТЫН МАМАН

Қаралым: 43
         2019 жылдан бері Мырзакент кенті әкімінің хатшысы болып жұмыс істейтін Тайшикова Жамиля Базарқызы әріптестері арасында өз ісінің білікті маманы саналады.
       Бір қыздың анасы Ж.Тайшикова мемлекеттік қызметпен қатар, көпшілікке үй шаруасын да шебер атқаратын үйбикесі ретінде де жақсы танымал. Сонымен бірге ол 2006 жылы білім ордасы – МГАБК-ны бітірген жоғары білімді азаматша да.
      «Өкінішке орай, көптеген адамдар хатшылық қызметті оңай жұмыс деп қате ойлайды. Біз  басшыға барынша көмек көрсету және оның уақытын үнемдеу ғана деп ойлайды. Одан бөлек біз жиналысты дайындау және өткізу, жиналысқа шақырылғандарды басшының тапсырмасымен таныстыру, қатысушылардың тізімін жасау, басшының баяндамасын ресімдеуді, жналыс өткізу кезінде хаттаманы да жүргіземіз.  Бұл қызмет түріне бүкіл іс қағаздарын жүргізуге байланысты жұмыстар: құжаттарды ресімдеу, құжаттарды құрылымдық бөлімшелерге жөнелту, құжаттардың орындалу мерзімін бақылау, басшының қол қоюына құжаттар қабылдау және олардың дұрыс ресімделуін бақылау, орындалған құжаттарды сақтауды ұйымдастыру мен басқа да функциялар кіреді. Солардың бәрін ойдағыдай жүзеге асырудамын деп ойлаймын»-дейді ол өз қызметі туралы айта отырып.
        Жамиля Базарқызын 8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, жұмысына сәттілік тілейміз!
Нурман АБДЫКАДЫРОВ,
Мырзакент кенті әкімі аппаратының бас маман, заңгері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *