Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖАППАЙ ТАРАЛҒАН ОҚИҒА БОЙЫНША БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖАППАЙ ТАРАЛҒАН ОҚИҒА БОЙЫНША БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖАППАЙ ТАРАЛҒАН ОҚИҒА БОЙЫНША БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

            Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, «Amanat» партиясының аудандық филиалының хатшысы Мұхтар Сәрсенов және БАҚ өкілдері, әлеуметтік желілердің белсенділері қатысты.
           Қ.Сәрсекбаев әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпараттардың басым бөлігі жалған ақпараттардан құралғанын атап өтті. Оның ішінде аудандық мәслихаттың депутаты әрі «Мырзакент қызмет» МКК-нің басшысы Т.Адамбеков ешқандай құқық бұзушылыққа қатыспағанын, керісінше қос тарапты келісімге шақырып, ажыратуға тырысқанын жеткізді.
           Аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова болған оқиға ешқандай ұлтараздық сипат алмағанын, екі тарап бір-бірін бала күнінен танитынын айтты. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділеріне оқиғаның анық-қанығына толық көз жеткізіп барып қана ақпарат таратуды сұрады және жалған ақпарат таратып ушықтырмауға шақырды.
         «Оқиғаға қатысқан азаматтардың барлығы да қазақтар, оның ішінде Мырзакент кентінің тұрғындары. Қамауға алынған А. есімді азамат пен ауруханаға түскен Т. есімді азаматтар бір-бірлерін бала күннен таниды. Тіпті, рулас ағайын болып келеді. Сондай-ақ, Т.Адамбеков депутаттық мансабын пайдалану мақсатында емес, орталық алаңға жауапты мекеменің басшысы ретінде сол жерде болғанын атап өткен жөн» — деді, А.Күнтуқызы.
          Баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар мен БАҚ өкілдері арасында еркін форматта сұхбат өрбіп, сұрақтарға жауаптар берілді. Оқиғаның мән-жайына, шындығына тілшілер қауымы толық көз жеткізді.
         Айта кетейік, қазіргі таңда екі азаматқа да қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі  «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» мен ҚР ҚК-нің 293-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1