Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰСТАЗ - АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҰСТАЗ — АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

ҰСТАЗ — АҚЫН ОБЛЫС ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

         2026 жылғы 9 ақпанда Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай атындағы әмбебап кітапханада ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өңір қаламгерлерімен кездесті. Еркін қалыпта өткен жиынға облыстың қала-аудандарынан зиялы қауым өкілдері, айтыскер және жазба ақындар қатысты.
       Кездесуге Бородулиха ауданы атынан «Жезкент орта білім беретін мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жақсылық Серікбекұлы Асқарбеков арнайы шақыртумен қатысып, өңір қаламгерлерімен бірге пікір алмасты.
       Жиынды ашқан облыс әкімі зиялы қауымның қоғамдағы рухани рөлін атап өтіп, өңір мәдениетін қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол белгілі ақын Төлеген Жанғалиевтің мемлекеттік стипендия иегері атанғанын, айтыскер ақын Әсем Ережеқызының «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын алғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ «Абай жолы» кітапханасы сериясымен жарық көрген қаламгерлер еңбектері мен алдағы мәдени жобалар жөнінде мәлімет берді.
      Жиында облыс әкімі Абай облысының гимнін жазуға арналған «Ұлылар елі» республикалық ән байқауының басталғанын хабарлады. Байқау «Киелі Абай елі» гимндік шығармалар және «Trend auen» заманауи әндер бағытында өтеді.
      Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, әдебиет пен мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды.
Атаева Мейрамгүл Балабайқызы ,
Абай облысы, Бородулиха аудандық  «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1