NewsPRESS RELEASEБілім саласыЖас буынҚоғамМерекелік шара

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

Қаралым: 66
          Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы Ұстаздар күнін мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес, ұстаздардың мәртебесін көтеру,  қоғамдағы беделін арттыру және ұлағатты ұстаздарға құрмет білдіру мақсатында  «Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.
         Жақында  мектебімізде «Өз ұстазыңды құттықта!» атты ардагер ұстаздармен іс-шара өткізілді. Мақсаты: ұстаздар арасындағы рухани байланысты нығайту; ұстаздық жолда тәлімгерлік еткен жандардың еңбегін дәріптеу; қоғамда ұстазға құрмет көрсету дәстүрін қалыптастыру болған бұл іс-шарада мұғалімдер өздерінің ұстаздық жолында бағыт-бағдар берген, тәлім-тәрбие үйреткен ұстаздарын құттықтап, сый-сиапаттарын табыстады. Ұстазға деген шынайы алғыс пен құрмет, сабақтастық пен сыйластықтың жарқын үлгісі болды.
         Қорыта айтсақ, бұл іс-шара  ұстаздар қауымына қуаныш сыйлап қана қоймай, әрбір адамның жүрегінде өз ұстазына деген құрмет пен алғыс сезімін тағы да оятты. Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге екені айқындалды.
        Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті әріптестер!
Гүлнара ДАУЛЕТБАЕВА,
Қ.Дәрімбаев атындағы №41 ЖББМ мектеп директорынң тәрбие ісі жөнідегі орынбасары.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *