Биылғы статистика бойынша елімізде алғаш рет ең жоғарғы 140 балл тіркеліп отыр. Айта кетсек осыған дейін екі оқушы 137 баллмен тіркелген еді. Ал Павлодарлық Данияр Уәлиев түлектердің арасында көш бастап жоғары баллды алғаш болып жинағандардың бірі.
«Сүйінші! Оқушымыз ҰБТ-дан 140 балл алды. Қорымыз жариялаған соңғы үлгідегі MacBookPro M1 иеленген Данияр Арманұлы Уәлиев- Павлодардағы ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің биылғы түлегі. Алтын белгі үміткері. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Бірнеше мәрте ҚР чемпионы», — деп «Білім-Инновация» қоғамдық қорының кеңесшісі Нұрбол Төлебаев өз парақшасында мәлім етті.
Биыл түлектерімізге төрт мүмкіндік беріліп отыр. Оның екеуі ақылы бөлімге болса, екеуі мемлекеттік грантқа жарамды. Әрбір бітіруші грантқа негізделген ең жоғарғы нәтиже көрсеткен ҰБТ сертификатын алып, өзі қалаған жоғарғы оқу орнына тапсырса болады.
Анэль ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ,
Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы.
Талапты ауылы, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы.