NewsӘлеуметРуханият

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қаралым: 125
       Қазақ халқының ежелден келе жатқан ең асыл дәстүрлерінің бірі – үлкенге құрмет көрсету, аға буынға ізет білдіру. Сол өнегелі дәстүрді жаңғырту мақсатында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ел ішінде әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Соның бірі – «Үлкенге – құрмет» деп аталатын қайырымдылық акциясы.

        Қараша айының екінші аптасында өткен бұл акция аясында партия өкілдері Семей қаласындағы Водный кентінің саяжайында тұратын 80 жастағы зейнеткер қарияға қамқорлық танытты. Ардагердің қыс мезгіліне дайындығын жеңілдету мақсатында 5 тоннаға жуық қатты отын-көмір лапасқа кіргізіліп, ретке келтірілді.
        Аталған шараға, «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері мен «Жастар қанатының» белсенділері бірлесе қатысып, үлкенге деген құрмет пен мейірімділіктің жарқын үлгісін көрсете білді.
         Қария ақжарма батасын беріп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
         – Қазақ елі ежелден үлкенін сыйлап, қадір тұтқан халық. Осындай қамқорлық жас ұрпаққа өнеге. Мұндай сәтте қолдан келгенше көмегін аянбай, көмек қолын созған барша азаматтарға алғыс айтамын, – деді  зейнеткер.
          Партия өкілдері бұл акцияның тек бір реттік шара емес, «Ауыл» партиясының жобасы аясында жүйелі түрде жүзеге асып келе жатқан ізгі бастама екенін атап өтті.
       – Біздің мақсат – қоғамда өзара қамқорлық пен адамгершілік қағидаттарын нығайту. Әсіресе, зейнет жасындағы қарттарға көңіл бөлу – ұлттық тәрбиеміздің ажырамас бөлігі. «Үлкенге – құрмет» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді партияның Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері.
        Иә, мұндай мейірім мен ізгілікке толы шаралардың әлеуметтік маңызы зор. Олар қоғамда бауырмалдық пен рухани жылылықты арттырып, ұлттың ұлы дәстүрлерін жаңғыртуға жол ашады.     
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *