Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        Құрметті мақтааралдықтар!
        Баршаңызды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі –23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсене қатысуға шақырамын. Бұл науқан – азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласып, өз таңдауын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды саяси үдеріс. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға жауапкершілікпен қарап, өз азаматтық ұстанымын танытуы аса маңызды.
       Құрылтай сайлауы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады. Сайлау барысында барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндік жасалып, дауыс берудің құпиялығы, заңдылығы және ашықтығы қамтамасыз етіледі. Әрбір сайлаушы өз таңдауын ешқандай қысымсыз, еркін жасай алады.
          Қорыта айсақ, сайлау – демократиялық қоғамның басты құндылықтарының бірі. Ол халықтың еркін білдіруге, қоғамдық бастамаларды қолдауға және елдің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Азаматтардың белсенділігі – ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделген қоғам қалыптастырудың маңызды алғышарты. Сол себепті де сайлау кезінде берілетін әрбір азаматтың дауысы – аса маңызды. Сайлауға қатысу арқылы біз азаматтық жауапкершілігімізді көрсетіп қана қоймай, қоғамның тұрақты дамуына да өз үлесімізді қосамыз. Белсенділік, заңға құрмет және саналы таңдау – елдің болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
           23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсене қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз!
           Әрбір дауыс – елдің ертеңіне қосылған маңызды үлес!
Қ.ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі. 

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1  

АБЫЛАЙ ФЕНОМЕНІ

«Алыстан орыс, қытай – ...