Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫ

ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫ

          Жақында кітапханамызда жас оқырмандарымыз үшін 1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған  «Қуғын-сүргін жылдары» атты  тақырыпта еске алу кеші болып өтті.
          Бұл шараның мақсаты – шараға қатысушы оқушыларға қасіретті жылдар құрбандарын, жазықсыз жапа шегіп, саяси тұрғыдан қуғын-сүргін көрген ел ардақтылары мен ел зиялылары туралы толық түсінік беру және де ашаршылық пен репрессия құрбандары туралы да жаңа ақпараттармен таныстыру. Сондай-ақ, оларды жарқын болашақ үшін қызмет етіп, зұлмат заманның зардабын тартқан, «Халық жауы» атанып, жазықсыз құрбан болған азаматтардың рухына бас иіп, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.
         Кіріспе бөлімінен кейін, «Отызыншы жылдар зары» атты баяндамамды оқыдым, содан кейін оқшылар кітапхана қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған «Қазақстанның «лагерлік өлкеге» айналу» тарихынан сыр шертетін және «Алаштың арыстары» атты кітап көрмелерімен танысты. Осылайша олар сол заман туралы толық құнды ақпараттарды ала алды.
         Ал, шарамыздың қорытынды бөлімінде  жас оқырмандарымыз саяси қуғын-сүргін құрбаны болған қоғам қайраткерлерін еске алып, олардың шығармаларынан өлең жолдары оқылды.
Зауре ИЛИМОВА,
Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев ауылының  филиал № 2-ші кітапханасының меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1