ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?
Автор: ҚалмұратҚаралым: 34
Қосымша тамақтану – бұл 6 айдан бастап ана сүтіне қосымша берілетін тағамдар. Бұл кезең бала ағзасы үшін өте маңызды, себебі ол жаңа дәмдерге, құрылымдарға үйреніп, ас қорыту жүйесін жетілдіреді.
Қосымша тамақтануды қашан бастау керек?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қосымша тамақтануды 6 айдан бастауға кеңес береді. Бірақ балаңыз келесі белгілерді көрсетсе, қосымша тамақ беруді бастауға болады:
Бастапқыда балаға біртекті, жеңіл қорытылатын тағамдар беріледі. Аллергия қаупін азайту үшін жаңа тағамдарды 3-5 күн аралығында бір-бірлеп енгізген жөн.
Ең алғашқы қосымша тағамдар:
Көкөніс пюресі (асқабақ, сәбіз, брокколи, картоп)
Жармалар (қарақұмық, күріш, сұлы)
Жеміс пюресі (алма, алмұрт, банан)
Қандай тағамдарды беруге болмайды?
Бал (1 жасқа дейін) – ботулизм қаупі бар.
Сүт (1 жасқа дейін) – асқорытуға ауыр.
Тұзды, тәтті, ащы тағамдар.
Қатты және ұсақ тағамдар (жаңғақ, тұқым, жүзім) – тұншығу қаупі бар.
Тамақтану режимі.
Алғашқы кезеңде балаға 1-2 қасық беріп, біртіндеп мөлшерін көбейтеді. 7-8 айда 2-3 рет тамақтандыру, 9-12 айда 3 негізгі тамақ пен 2 жеңіл тамақ болуы керек.
Қорытынды.
Қосымша тамақтану – баланың дұрыс дамуы үшін маңызды қадам. Дұрыс бастасаңыз, ол болашақта пайдалы тамақтану дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Тілеулиева Салтанат Оразханқызы,
Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейіргері.