Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Қарағанды облысының мектептеріне Ұлттық күнтізбе енгізілді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Қарағанды облысының мектептеріне Ұлттық күнтізбе енгізілді

Қарағанды облысының мектептеріне Ұлттық күнтізбе енгізілді

            Қарағанды облысының мектептерінде тәрбие жұмысын нығайту үшін рухани құндылықтарды сақтауға және насихаттауға бағытталған атаулы күндердің Ұлттық күнтізбесі қолданылатын болады. Онда қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне байланысты 42 атаулы күн бар. Олармен өңірдегі 417 мектептің 170 мыңнан астам оқушысы танысады.
        Алдағы уақытта күнтізбе облыстың барлық мектептерінің кабинеттерінде пайда болады. Мұғалімдер бұл күндерді сынып сағаттары мен мектептен тыс іс-шаралар барысында насихаттайды.
        Күнтізбенің білім ордаларына енуіне орай Жоғары политехникалық колледжде тұсаукесер салтанаты өтті. Күнтізбе 18 рухани құндылықты, 3 дәстүрлі мерекені, 6 дәстүрді, 24 тарихи тұлғаны насихаттайды. Бұған қоса, онда 8 тарихи оқиға насихатталады:
— 1729 жылғы Анырақай шайқасы;
— 1841 жыл – К. Қасымұлының бүкіл қазақтың ханы болып сайлануы;
— 1891 жыл – түркі жазуы құпиясының ашылуы;
— 1911 жыл – бірінші Конституцияның жарық көруі;
— 1970 жыл – Есік қорғанынан Алтын адамның табылуы;
— 1991 жыл – тұңғыш қазақстандық ғарышкер Т. Әубәкіровтың ғарышқа ұшуы және т. б.
          Күнтізбенің айтулы күндері қазақ әдебиетіне, ұлт денсаулығына, тарихына, салт-дәстүрлерге, өнерге, мемлекеттік тілге, ұлттық тағамдарға, тарихи қайраткерлерге, ұлттық ойындарға, туған жерг және т. б. арналған. Сондай-ақ күнтізбеде қазақ халқының күні бар.
         – Бүгін күнтізбедегі 15 қараша-Батырлар күніне орай өтіп отырған шара шеңберінде жастарға биыл мерейтойлары атап өтілетін жеті батыр туралы айтылады. Мысалы, Жидебай мен Шерубай батырлар Сарыарқа жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғаған. Жалпы алғанда, күнтізбенің 85 пайызы тарихи күндермен және тұлғалармен байланысты, – деп атап өтті күнтізбені әзірлеуші Нұржан Сұршаұлы.
             Мұндай күнтізбе алғаш 2019 жылы жарық көрді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1