«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 246
2026 жылдың 30 қаңтар күні Әлихан Бөкейхан университетінің кіші ғылыми жиын залында «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шара Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Әлихан Бөкейхан университетінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинар мақсаты – Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде қазақ тілін оқытудың заманауи әдістері мен инновациялық педагогикалық технологияларын зерделеу, оларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын талқылау, сондай-ақ педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Аталған семинарға арнайы шақыртумен Елордадағы Назарбаев университетінің қазақ тілі және түркітану департаментінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ағабекова Жазира Ағабекқызы қатысып, тыңдаушыларға мазмұнды баяндама жасады. Спикер өз сөзінде қазақ тілін оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, заманауи әдістемелік бағыттар бойынша тың идеяларымен бөлісті.
Семинарға өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары, Абай облысының лингвистикалық орталығының мамандары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ұстаздары мен білім алушылар қатысты.
Іс-шара барысында қазақ тілін оқытудағы заманауи әдістемелік ұстанымдар мен үрдістер, Назарбаев Университетінде қолданылатын инновациялық оқыту модельдері, цифрлық білім беру ресурстары мен онлайн платформаларды сабақ барысында тиімді пайдалану жолдары кеңінен талқыланды.
Соныменде, қатысушылар, өзара сұрақ-жауап алмасып, тәжірибе бөлісуге бағытталған ой-талқы жүргізді.
Жиын қорытындысында профессор, тіл жанашыры Ағабекова Жазира Ағабекқызына құрмет көрсетіліп, Абай елінің сый-сияпаты ұсынылды.
Осындай ғылыми-әдістемелік басқосулар қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға, заманауи білім беру тәжірибесін кеңінен енгізуге және өңір педагогтерінің кәсіби әлеуетін нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.
Мейрамгүл АТАЕВА,
Абай облысы, Бородулиха аудандық «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының директоры.