Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУҒА АЗ ЖҮГІНЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУҒА АЗ ЖҮГІНЕДІ

ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУҒА АЗ ЖҮГІНЕДІ

2021 жылғы 5 наурыз. Нұр-Сұлтан қ.
        Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді.
      Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2 млн. әйел жүгінген. Жалпы алғанда Азаматтарға арналған үкімет былтыр 13 млн. мемлекеттік қызмет көрсеткенін ескерсек, олардың 45%-ы нәзік жандыларға көрсетілген.
        Электрондық цифрлық қолтаңбаалуға өтініш білдірген әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда бір пайызға ғана артық. Мысалы, өткен жылы ХҚО арқылы 4,7 млн. ЭЦҚ рәсімделген болса (оның ішінде 300 мың ЭЦҚ заңды тұлғалар үшін), оның 2,2 млн.-ға жуығын (51%) арулар алған.
      Автоқызметтер бойынша жүгінетін ханымдардың да саны аз болып шықты. 2020 жылы 173 мың әйел жүргізуші куәлігін ресімдеген, бұл жалпы берілген көлік жүргізушісі құжаттарының 21%. Сонымен қатар, мемлекеттік корпорациядағылар түрлі жәрдемақы алушы қыз-келіншектер туралы да айтып берді.
      Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 440 мың отбасы алады, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» наградаларының берілуіне байланысты 229 мың ана жәрдемақы алады, ал бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша біржолғы жәрдемақы өткен жылы 430 мың анаға тағайындалған.
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ  баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1