Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛЮКСЕМБУРГ АЭРОҒАРЫШ САЛАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛЮКСЕМБУРГ АЭРОҒАРЫШ САЛАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛЮКСЕМБУРГ АЭРОҒАРЫШ САЛАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

         ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Люксембургтің Ресей, Беларусь және Қазақстандағы елшісі Джордж Фабермен кездесті. Кездесу барысында ғарыш және цифрландыру саласындағы екі елдің ынтымақтастық мәселесі талқыға салынды.
         Кездесу барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.
         Меморандум ғарыш қызметі саласындағы бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп әзірлеу мен іске асыруды, кадрлар даярлау мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, сондай-ақ мемлекеттердің заңнамаларын ескере отырып, деректер мен ақпарат алмасуды көздейді.
         Қазақстан мен Люксембург ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу, жерді қашықтықтан зондтау, спутниктік байланыс пен навигацияны дамыту, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын пайдалану және ғарыш аппараттары мен оларға қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
       Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қажеттілігіне байланысты O3b mPower спутниктік байланыс жүйесін қолдану мақсатында Люксембургтің SES компаниясымен ынтымақтастық мәселелері пысықталуда. ҚР аумағында O3b mPOWER жүйесін қолдану еліміздің қолданыстағы телекоммуникациялық инфрақұрылымына толықтыру ретінде, оның ішінде ҚР ауылдық елді мекендерінде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсынуды ұйымдастыру мәселесін пысықтау шеңберінде қаралады.
       Фабер мырза бүгінгі таңда Люксембургте технологияларды инновациялық дамыту бағытында қазақстандық компаниялар үшін қызығушылық тудыруы  мүмкін жаңа экожүйе құрылып жатқанын хабарлады.
        Кездесу соңында Бағдат Мусин Джордж Фабер мен Люксембург компанияларын осы жылдың қыркүйек айында Нұр-сұлтан қаласында өтетін «Digital Bridge-2022» форумына қатысуға шақырды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1