ҚАЗАҚСТАН ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІНІҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША СЕРІКТЕСІ БОЛДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 42
Ағымдағыжылдың 18 қарашасында Мемлекеттіктехникалыққызмет (МТҚ) пен Израиль мемлекетінің Ұлттық Кибердиректораты (INCD) арасындакиберқауіпсіздіксаласындағыөзаратүсіністіктуралыМеморандумғасалтанаттытүрдеқолқойылды.
Қол қою бейнеконференц-байланыс режимінде өтті. INCD директоры Игаль Унна және МТҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек тұлғасында екі тараптан басшылық құрамнан басқа Израиль мемлекетіндегі Қазақстан Республикасы елшілігінің өкілі Сатыбалды Бұршақов қатысты.
Халықаралық серіктестермен ресми қарым-қатынастарды құру іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеді, сондықтан Израиль мемлекетімен киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту ақпараттық қауіпсіздіктің инциденттері мен қатерлері және екіжақты жедел әрекет ету туралы ақпарат алмасу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
МТҚ басшылығы екі ел арасындағы түсіністікке қол жеткізуде көрсеткен көмегі үшін екі елдің елшіліктеріне алғыс білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль мемлекеті киберқауіпсіздік бойынша құралдарды әзірлеу саласындағы әлемдік жетекші ойыншы болып табылады.