Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАН, БАӘ ЖӘНЕ РЕСЕЙ «ГАГАРИН СТАРТЫН» ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША НИЕТ ХАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАН, БАӘ ЖӘНЕ РЕСЕЙ «ГАГАРИН СТАРТЫН» ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША НИЕТ ХАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН, БАӘ ЖӘНЕ РЕСЕЙ «ГАГАРИН СТАРТЫН» ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША НИЕТ ХАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

         Келісімге Dubai Airshow 2021 халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесі аясында қол қойылды. 
         ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Біріккен араб әмірліктері Ғарыш агенттігі және «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы арасында «Байқоңыр» айлағындағы «Гагарин старты» алғашқы коммерциялық ғарыш жобасы бойынша хатқа қол қойды.
            Бұл — «Байқоңыр» айлағына шетелдік инвестицияны тартуға және алғашқы рет адамзат – Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан әйгілі №1 «Гагарин старты» алаңын жаңартып, жаңғыртуға бағытталған жоба.
           Осы жоба аясында 33,3 пайызды үлеспен ҚР-РФ-БАӘ үш жақтың паритетті қатысуымен ортақ кәсіпорнын құрып, алдағы уақытта №1 старттық алаңын модернизациялау үрдісін және «Союз-2» тасымалдағыш зымырандарын ұшыру қызметін басқаруды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
           «Гагарин старты» жобасының басты мақсаты – «Байқоңыр» айлағындағы №1 старттық алаңды сақтап қана қоймай, оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл орайда әрбір тарап ұшыру қызметін жүзеге асыра алатын болады.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
+7775 96 86 0 76, Мақсат Төлегенов
press@mdai.gov.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1