БилікҚұттықтау

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ

Қаралым: 41
        Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша Қазақстан, 9 сатыға көтеріліп 31 орынға орналасты (бұған дейін — 40 орында болған).
          Бұл туралы БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) 29 маусымда өткен конференциясында, Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі туралы 4-ші басылым есебінде жарияланды.
           ТМД аймағы бойынша Қазақстан 2-ші орында, біріншіде – Ресей Федерациясы.
             Рейтинг жасау кезінде мемлекеттің заңнамалық базасы, техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық аренадағы қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік саласын дамытуға бағытталған әлеуеті негізге алынады.
              Еліміздің «Қазақстан киберқалқаны» және «Цифрлық Қазақстан» сияқты стратегиялық бағдарламаларында ХЭБО-ның киберқауіпсіздік жаһандық индексі ақпараттық қауіпсіздік бойынша басты индикатор болып есептеледі.
              ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ХЭБО ұжымына өзара тиімді серіктестік және киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.
            Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі туралы есептің толық нұсқасы ХЭБО-ның ресми сайтында: https://www.itu.int/en/myitu/Publications/2021/06/28/13/22/Global-Cybersecurity-Index-2020
ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз қызметі,
Тел.: 87172 74 92 38, 87172 74 92 73
press@mdai.gov.kz
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *