Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА АУРУ СЕЙІЛЕ БАСТАДЫ

Қаралым: 29
       2021 жылдың 18 мамырында үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін айтты. Бұл жайлы ҚазАқпарат өзінің ресми сайтында хабарлады.
      “Қазіргі  уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды», — деді министр.
          Алексей Цойдың мәліметіне сенсек, 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциял ық және реанимациялық төсек-орындардың ең жоғарғы толымдылығын Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы көрсетіп тұр.
       «Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында — 49, Алматы облысында — 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы  Нұр-Сұлтан қаласында — 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды», — деді министр.
Асылай САЙРАМБАЙ,
Қосан Мамытов атындағы ЖОМ-ы,
Зертас ауылы, Төлебиауданы, Түркістан облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *