Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ

ХАЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ

           Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарындағы Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров 8 маусым күні мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп кодексінің орындалуы бойынша жиын өткізді.  
         Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
         Нұрбол Жақсылықұлы мемлекеттік қызметшілердің әдебі бойынша нақты 4 мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекет мүлкін дұрыс пайдалану, іскерлік киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта да әдепті болу және көмек сұрап келген тұрғындармен сыпайы әрі мәдениетті қарым-қатынаста болу керектігін айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсерін тигізетін іс-әрекеттер орын алған жағдайда көрілетін шаралар туралы да ескертті.
       «Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мен  мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары бойынша тұрақты түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бақылауыма алатынымды ескертемін. Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттік органдарға жоспар бойынша тексеру шараларын ұйымдастырып, анықталған оқыс оқиғалар бойынша қатаң шаралар көрілетін болады» — деді Нұрбол Жақсылықұлы.
        Әдеп жөніндегі уәкіл жиынды қорытындылай келе әрбір мемлекеттік қызметші қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытта әдептілікті сақтап,  қоршаған ортасына жанаршылық, адамгершілік танытып, осы елдің нағыз патриоты екенін көрсете білсе — халықтың мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызметке және мемекеттік қызметшіге деген оң көзқарасы қалыптасып, сенімі артатынын айтты.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1