Білім саласыҚоғамМаман кеңесі

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қаралым: 48
              Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру, ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді жастардың бойына сіңіре отырып, келешекте ата-ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді және жан-жақты жетілген тұлға болуға тәрбиелеу мақсатындағы Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен бастау алған кездесу Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі «Ж.Нұрлыбаев» атындағы жалпы орта мектебінде жалғасын тапты.

              Басқосуға «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологтары мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
               Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыра отырып отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру, жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету тақырыптарында сөз қозғаған мамандар ерте жастағы жүктілік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
              Ерте жүктілік, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, арнайы дайындалған видеороликтер көрсетілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Мақтаарал ауданы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *