Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТЕЛЕГРАММ БОТ ПЛАТФОРМАСЫ - ҰЖЫМДЫҚ АРЫЗ НЕГІЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТЕЛЕГРАММ БОТ ПЛАТФОРМАСЫ — ҰЖЫМДЫҚ АРЫЗ НЕГІЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕ

ТЕЛЕГРАММ БОТ ПЛАТФОРМАСЫ — ҰЖЫМДЫҚ АРЫЗ НЕГІЗІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕ

           Мемлекет  тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.   Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында өткен жылы «EgovKZBot2.0» telegram бот платформасы іске қосылған.
        Бұл бот платформасының басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.  Атап өту қажет, бот платформасы арқылы Департаментпен 2025 жылдың 9 айының қорытындысымен  92 азаматқа тиісті түсіндірмелер берілген.  Мәселен, ағымдағы жылдың қазан айында бот платформасы арқылы 5 азаматтың ұжымдық өтініші келіп түскен. Өтініште азаматтардың сол жақ аяққа (модульдік) жамбас протезін және тізеден төмен жасанды аяқ протездерін алуға өтініш берілгені, дегенмен техникалық себептермен өтініштер тіркеуге алынбауына байланысты әуре-сарсаңға түсу жағдайлары баяндалған.
         Осы ретте, Департаменттің зерделеу шараларының қорытындысымен азаматтардың «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде кезегінің келгені анықталып, техникалық ақаулықтарды жою туралы мемлекеттік органдарға тиісті ұсынулар берілді. Нәтижесінде, аталған ақаулықтар жойылып, азаматтардың құқығы қалпына келтірілді.
          Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтама алғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «Telegram» мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана аласыз.
_______________________________________________________
         Телеграмм бот арқылы төменде көрсетілген тізбеге сәйкес өзіңізге керекті қызмет түрін таңдай аласыз.
  • ХҚКО-на кезекті брондау
  • 1414 операторымен байланысу
  • Уәкілетті органға өтініш
  • Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша оператормен байланысу
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
  • Egov mobile жүктеу
  • Әкімшілік айыппұлдар болуын тексеру
  • Таяудағы ХҚКО
  • Қазақстанда ашық үкіметті дамыту бойынша ұсыныс
  • Бот туралы
  • Баптаулар
          Егерде Сіздің Уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, өзіңізге қатысты толық ақпаратты көрсетіп, өзіңіздің шағымыңызды толыққанды баяндай аласыз. Нәтижесінде, Сізге 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауап ұсынылады.  Бұдан бөлек, телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері шығарып жарияланды.
        Қазіргі таңда, Департаментпен шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Sapaly qyzmet» телеграмм ботымен қатар «Сенім телефоны» Сіздерге уақытылы жауап ұсынуға дайын екендігін хабарлаймыз.
Абылайхан НАУРЫЗБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1