Білім саласыЖас буынҚоғам

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

Қаралым: 98
     Оқушыларға  «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаратылыстану сабағын тиімді өткізу үшін  экологиялық  тәрбиені насихаттай отырып, оларды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үйрету қажет.
       Сабақтың мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және практикалық  дағдыларын  дамыту. Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау маңыздылығын түсіндіру, Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылау, Табиғатты қорғауға арналған практикалық іс-әрекеттер жасау болды.
  1. Кіріспе бөлім (10 минут)
      Мұғалім «Таза Қазақстан» акциясы туралы қысқаша мағлұмат береді.
     ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экология және қоршаған ортаны қорғау туралы айтқан сөздерін талқылау.
    Оқушылармен қоршаған ортаның ластану себептері туралы әңгіме жүргізу.
  1. Негізгі бөлім (25 минут)
       Бейне ролик немесе презентация: Табиғаттағы экологиялық мәселелер туралы ақпарат.
       Топтық жұмыс: Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа белгілі бір мәселе (пластик қалдықтар, ауаның ластануы, су ресурстарын қорғау) бойынша шешімдер табу тапсырмасы беріледі.
      Тәжірибелік бөлім:
      Оқушылар мектеп ауласында қоқыс жинау немесе ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдастырады.
       Экологиялық тақырыптағы плакаттар жасау (мысалы, «Табиғатты қорғау – өзімізді қорғау!»
  1. Қорытынды бөлім (10 минут)
       Оқушылар өз жобаларын таныстырады және қорытынды ойларымен бөліседі.
       Экологиялық тазалықты сақтау бойынша өз уәделерін жазады немесе айтады.
      Қорытынды:
      Бұл сабақ оқушылардың  экологиялық санасын қалыптастыруға, табиғатты аялауға баулуға, сондай-ақ
      «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуға мүмкіндік береді.
      Ұсыныстар:
  1. Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарда экологиялық білім беруді жүйелі түрде енгізу.
  2. Балаларға табиғатты қорғау дағдыларын дамыту үшін тәжірибелік сабақтар мен шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру.
  3. Экологиялық ойындар мен жобалар арқылы балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
  4. Ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен жұмысын күшейту.
Касимова Эльмира Абдимауленқызы,
 Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ КММ бастауыш сынып мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *