КәсіпкерлікСаясатЭкономика

САНАҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫНАН МЕМЛЕКЕТ ҚАНДАЙ ДЕРЕКТЕРГЕ ИЕ БОЛАДЫ?

Қаралым: 35
             2021 жылғы Ұлттық халық санағы аясында азаматтарға олардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайларының жай-күйі және т.б. туралы  91 сұрақ қойылған.
             Халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан (69 сұрақтан және 22 нақтылаушы сұрақтан) тұратын санақ парақтары әзірленді. 8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне қатысты болады; 8 сұрақ және 3 сұрақ – тұрғынүй жағдайы, 60 сұрақ жеке басына қатысты болады және т.б.
             Дәстүрлі көрсеткіштермен қатар 2021 жылғы санақтың санақ парақтарына жаңа сұрақтар енгізілді. Оның ішінде: респонденттің халықты санау кезіндегі орналасқан жері; өмір сүру мүмкіндігнің шектелуі (көру қиындығы, есту қиындығы, жүру кезіндегі қиындықтар, есте сақтау және/немесе назар аудару қиындықтары); ҚР аумағында уақытша тұру үшін басқа елден келуі; келу мақсаты және басқа да бірқатар мәселелер.
              Сұрақтардың жеке блогы COVID-19 ауруы мен вакцинация және пандемияның табыс деңгейіне әсері туралы болады.
             Санақ парақтарына көші-қон жөніндегі (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды жоспарлау, негізгі себептері мен мерзімдері туралы); неке жағдайы туралы (қазіргі (немесе қайта) некеге тұру туралы); Жұмыспен қамту жөніндегі (уақытша жұмыспен қамтылмау себептері, жұмыстан тұрақты тұратын жеріне оралу кезеңділігі туралы); тілдерді меңгеру дәрежесі туралы, діни ұстанымы туралы сұрақтар енгізілген.
            Санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптасатынын, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің есептері жүргізіледі.
            Санақ қорытындысы экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.
 Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал   АСБ  басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *