Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
САЙЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » САЙЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫ

САЙЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫ

           «Сайыпқыран.кз» ақпаратты-сараптамалық порталы (www.sayipqiran.kz(23.11.2020 жылы ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму минстрлігі, Ақпарат комитетінің  №KZ83VPY00029381 рұқсат беру куәлігі берілген) 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдірген саяси партиялардың бағдарламалық және үгіт-насихаттық материалдарын жариялау құны туралы хабарлайды.
          Сайт бетінде жарияланатын үгіт-насихат материалдарының құны тыныс белгілерін қоспағанда, әрбір таңба (символ) үшін 15 (он бес) теңгені құрайтын болады. Сайтымызда жарияланатын әрбір сайлау материалына оның көлеміне қарай 1-ден, 3 данаға дейінгі фотосурет тегін орналастырылады. Егер тапсырыс беруші жақ жарияланатын материалдарға қосымша фотосуреттерді немесе сайлау науқанына қатысты бейнематериалдарды жариялауды қаласа, бұл қызметтер үшін қосымша ақы алынады. Егерде тапсырыс беруші жаққа, үгіт-насихат жұмыстарына қатысты қосымша қызметтер қажет болса, онда олардың құны тараптардың өзара келісімі негізінде айқындалады. Сондай-ақ, егер тапсырыс беруші партияның логотипін сайтымыздың басты бетінде жариялағысы келсе, оның құны 150 000 (бір жүз елу мың) теңгені құрайды.
           Атап кетерлігі, тапсырыс беруші жақ ұсынған материалдың ішінде осы сайлауға қатысып жатқан басқа партияны қаралаушы, өзге кандидаттардың ар-намысына тиюші, ел азаматтарын ҚР Заңдарына қарсы заңсыз әрекеттерге шақырушы деректер болса, онда оны жарияламауға құқылы.

Құрметпен редакция алқасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1