ПРОФЕССОР АЛМА ҚЫРАУБАЕВА: ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ МЕН ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 66
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институты және қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2022 жылдың 26 мамырында филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы-ғалым, ұстаз Алма Мүтәліпқызы ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ 75 жылдығына арналған «ПРОФЕССОР АЛМА ҚЫРАУБАЕВА: ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ МЕН ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмысында қарастырылатын басты мәселелер:
— Алма Қыраубаева және ежелгі дәуір әдебиеті;
— Алма Қыраубаева және Алтын Орда дәуірінің әдебиеті;
-Алма Қыраубаева және Хорезмидің «Махаббатнама» дастаны;
— Алма Қыраубаева және Рабғузи қиссалары;
— Алма Қыраубаеваның ұстаздық ұлағаты;
— Алма Қыраубаеваның ғылыми мұрасы және қазіргі әдебиеттану мәселелері.
Конференцияға республикаға белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар Ж.Дәдебаев, Қ.Әбдезұлы, Д.Ысқақұлы, А.Ісімақова, Ф. Оразбаева, А.Салқынбай т.б., сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың, облыстық ЖОО-лардың филолог-ұстаздары, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар қатысады.
Конференция 2022 жылдың 26 мамырында сағат 14:00-де ҚазҰУ-дың 15-қабаттағы мәжіліс залы. Онлайн қатысу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/84787317259?pwd=bkJaZWFoWlJHZ3ljVzdaNzFsd3ZUQT09 Идентификатор : 847 8731 7259 Код: 936812 Конференция бағдарламасы қосымша жіберіледі. Байланыс телефондары: 8701-270-18-68 (Ләйла Жұматайқызы) 8707 290 75 46 (Гүлназ Рахымқызы); Абай ҒЗИ-дың жұмыс телефоны (727) 377-33-30 (ішкі: 1921)