ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 47
Елімізде дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясына қызу үн қосқан Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Бостандық аудандық пробация қызметі жуырда пробация есебінде тұрған жалғызбасты аналар мен қолайсыз отбасыларының балаларына көмек көрсетті.
Пробация қызметкерлері олардың үйлеріне барып, мектеп жасындағы балаларға өздерінің сыйлықтарын табыс етті.
Балаларға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелермен қатар, ойыншықтар мен балалар өміріне қажетті заттар да сыйлаған пробация қызметкерлері аналардың алғысына бөленді.