Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ПРОБАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ПРОБАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ПРОБАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

        Мақтаарал ауданында пробация қызметінің есібінде тұрған адамдарды биылға белгіленген квотамен жұмысқа орналастыру және пробация қызметінің 3 айлық есебі бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша арнайы отырыс өтті.
      Осы шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Мұса, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ж.Сарсенбай, ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Джумадиллаев, аудандық Пробация қызметі бөлімінің басшысы Н.Сабаев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиалының басшысы Н.Әбдіразақова және осы салаға жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтар үшін жұмыс орындарына белгіленген квота жұмыстарының барысы талқыланып, 2021 жылы әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің мәселелері қарастырылды.
Қазіргі таңда пробациялық бақылау белгіленген 95 сотталғанның 93-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 74 адам пробация арқылы жұмыспен қамтылған. Сондай-а, 19 адам өз-өзін жұмыспен қамтыған.
Мақтаарал ауданының әкімінің арнайы қаулысымен 1% квотасы белгіленген. Қаулы бойынша жалпы саны 6 жұмыс орны белгіленген. Аталған құжат негізінде сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде.
  3 айдың қорытындысы бойынша жалпы саны 20 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, оның ішінде 5 азамат ауылдық округтерге ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған. 1 сотталған азамат «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы тарапынан «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкер негіздерінде оқу үшін жолданған.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1