PRESS RELEASEАнонсыБілім саласыЖаңалықтарЖас буынХабарландыру

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕН ҮЙДЕГІ СУДЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕЙМІН» АТТЫ ВИДЕОРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ

Қаралым: 44
              БҰҰ мәліметі бойынша әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығынан зардап шегеді. Сарапшылардың бағалауынша, әлемде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға зәру. Ал 1,7 миллиард адам тұщы суға мұқтаж. Жыл сайын әлемде таза судың жетіспеушілігі мен антисанитариялық жағдайдың салдарынан мыңдаған адам қайтыс болады.
           Біздің елімізде де су ресурстарының тапшылығы байқалады, болжамдар бойынша еліміз 2040 жылға қарай су ресурстарының айтарлықтай тапшылығына тап болуы мүмкін.
          Елімізде мектеп оқушыларының инновациялық іс-әрекетке баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және іске асыру үшін мектеп оқушыларына ұқыптылық пен суды үнемдеу көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры еліміздің 1-9 сынып оқушылары арасында 1 маусымнан бастап «Мен үйдегі суды қалай үнемдеймін» атты республикалық байқауын өткізеді.
          Байқау «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру» жобасы аясында өткізіледі.
          Байқаудың мақсаты- байқау су ресурстарын ұқыпты пайдалануды насихаттауға жастарды тартуға ықпал етеді; Қазақстан Республикасында экология мәселелерін шешуде жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
          Байқауға қатысу үшін 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін мемлекеттік немесе орыс тілінде бейнематериал дайындап, ұйымдастырушыларға жіберу қажет.
           Байқау қорытындысы биылғы жылдың қыркүйек айында шығарылады. Ал жеңімпаздар дипломдармен және құнды кітаптармен марапатталады.
           Байқау ережесі туралы толығырақ
https://ekofond.kz/2022/06/01/%d0%b2%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%be-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81-%d0%b4%d0%bb%d1%8f-%d1%88%d0%ba%d0%be%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%b2-%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%85%d1%81%d1%82-2/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *