NewsPRESS RELEASESportsДенсаулықЖаңалықтарСпорт

Облыстық III Спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті

Қаралым: 19
         Ағымдағы жылдың 17-18 шілде күндері Мақтаарал ауданында «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай дене шынықтыру және спорт қызметкерлері арасындағы облыстық III Спартакиаданың аймақтық іріктеу жарысы өтті.

         Спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ сала мамандары арасындағы ынтымақтастық пен әріптестікті нығайту болды.
         Аймақтық сайысқа – Келес, Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарынан дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің мамандары, спорт мектептері мен клубтарының әкімшілік және шаруашылық қызметкерлері қатысты.
       Спартакиада келесі спорт түрлері бойынша өтті:
  • Шағын футбол
  • Тоғызқұмалақ (ұлдар мен қыздар)
  • Арқан тарту
  • Қол күресі (80 кг және +80 кг)
  • Асық ату (ұлдар)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
 Командалық жарыстар:
  • Шағын футбол:
І орын – Шардара ауданының командасы
ІІ орын – Жетісай ауданының командасы
ІІІ орын  – Мақтаарал ауданының командасы
IV-орын  – Келес ауданының командасы
         Арқан тарту:
І орын – Шардара ауданының командасы
ІІ орын – Жетісай ауданының командасы
ІІІ орын  – Келес ауданының командасы
IV-орын  – Мақтаарал ауданының командасы
          Тоғызқұмалақ:
  • Қыздар:
    І орын – Налибекова Жайнагүл (Жетісай аудандық № 2 БЖСМ –нің бас есепшісі)
  • Ұлдар:
    І орын – Нұртілеу Ермек (Келес)
    ІІ орын – Боранбаев Даурен (Жетісай аудандық № 3 БЖСМ-нің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары))
        Қол күресі:
         80 кг: (Ұлдар)
І орын – Шардара ауданының қызметкері
ІІ орын –Мақтаарал  ауданының қызметкері
ІІІ орын  – Жетісай ауданының қызметкері
IV-орын  – Келес ауданының қызметкері
        +80 кг: (Ұлдар)
І орын – Шардара ауданының қызметкері
ІІ орын – Мақтаарал ауданының қызметкері
ІІІ орын  – Жетісай ауданының қызметкері
IV-орын  – Келес ауданының қызметкері
        Асық ату (Ұлдар):
І орын – Айтуған Айбек ((Жетісай ұлттық спорт клубының инспекторы))
ІІ орын – Шардара ауданының қызметкері
ІІІ орын – Келес ауданының қызметкері
IV – Шардара (екінші қатысушы)
      Жалпыкомандалық есеп қорытындысы:
I орын – Жетісай ауданы (127.5 ұпай)
 II орын – Келес ауданы (104.5 ұпай)
 III орын – Шардара ауданы (98 ұпай)
IV орын – Мақтаарал ауданы (86 ұпай)
        Спартакиада қатысушыларға сергектік сыйлап, ауызбіршілік пен спорттық рухты арттырған жарқын дода болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *