Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ А.ХАМЕДОВ МАҚТААРАЛДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, РЕФЕРЕНДУМ ЖӨНІНДЕ ПІКІР АЛМАСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ А.ХАМЕДОВ МАҚТААРАЛДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, РЕФЕРЕНДУМ ЖӨНІНДЕ ПІКІР АЛМАСТЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ А.ХАМЕДОВ МАҚТААРАЛДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, РЕФЕРЕНДУМ ЖӨНІНДЕ ПІКІР АЛМАСТЫ

      ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов референдум өткізуді қолдау мақсатында мақтааралдық тұрғындармен кездесті.
       Жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, аудандық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары жетекшілері мен мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
         Кездесуде Мәжіліс депутаты алдағы референдумның маңыздылығына тоқтала келе, халық даусының шешуші рөл атқаратынын, оған әр азаматтың атсалысуы керектігін атап өтті. Депутаттың пікірінше, бұл реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, демократиялық процестер қарқынын үдету.
        барысында Мақтаарал аудандық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Е.Қазыбеков, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Сабиров,  ҚХА мүшесі Ш.Бабаев, тәжік этносының белсенді өкілі А.Худайкулов, аудандық мәслихаттың хатшысы К.Сәрсекбаев сөз сөйлеп, алдағы референдумға белсене атсалысатындықтарын жеткізді.
         Келелі басқосуда жиынға қатысушылар сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, Мемлекет басшысының референдумды өткізу шешіміне қолдау білдірді.
          Сапар аясында халық қалаулысы Көкарал елдімекеніндегі Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ-де болды. Сондай-ақ депутат осыдан екі жыл бұрын, яғни 2020 жылғы су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен кездесті. Бүгінде су астында қалған ауыл тұрғындарына арнап жаңадан үйлер салынып, аудан орталығы Мырзакент кентінің жанынан жаңа «Мөлтек» ауданы бой көтерген. Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.
Мөлдір БАЛХАШОВА,
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім»КММ Мақтаарал аудандық филиалының маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1