БилікСаясат

МІНДЕТТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Қаралым: 72
          Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізінде 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум – көпшіліктің қолдауына ие болып отыр. Референдумды заң аясында өткізу, белсенді қатысу қоғамда терең талқылануда.

         Қоғам арасында қызу талқыға түсіп, қолдау тауып отырған референдумды өткізу барысында заңбұзушылықтардың орын алуын болдырмау мақсатында «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлының Жетісайда арнайы семинар өткізді. Жиынға аудандағы учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аталмыш қоғамдық ұйымнан байқаушы ретінде ұсынылатын азаматтар, аудандағы қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен мүшелері қатысты.
       Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгертудің елдің еркін ашық білдіруінің айқын көрінісі екендігін, мемлекет басшысының бастамаларындағы саяси тың реформаларды жүзеге асырудың, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдірудің тиімді тәсілі екенін айтқан Бақытжан Шәкірұлы референдумды өткізу барысында байқаушылардың міндеті мен учаскелік сайлау комиссиясы төрағаларының жұмысы, заңдылықтары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Пікірлер талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *