Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» ағайындық көмек көрсетті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » «МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» ағайындық көмек көрсетті

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» ағайындық көмек көрсетті

         «МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ-ның басшылығы мен мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті. Қайырымдылық шарасы Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоглуның қатысуымен өтті.
        Шара шеңберінде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға азық-түлік өнімдері мен кілемдерден құралған гуманитарлық көмек Алмалы ауданының комьюнити орталығына табысталды.
       Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Мүдеррисоғлу акция шеңберінде БАҚ-қа берген сұхбатында: «Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде орын алған су тасқыны біздің де қабырғамызды қайыстырып отыр. Сел апатынан зардап шеккен барша ағайынмен әрдайым біргеміз. Оларға қымбатты Мусиад мүшелері, меценаттар гуманитарлық көмек жөнелтіп отыр. Гуманитарлық көмек — 110 жәшік азық-түлік және 40 дана кілемнен құралды. Бүгін – қадыр түні. Біз, осы қасиетті күнде зардап шеккен азаматтармен біргеміз» деп, өз ойымен бөлісті.
         Ал, «МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ-ның төрағасы Йылмаз Кесен сын сағатта мәселеге бей-жай қарай алмай, азаматтық һәм ағайындық көмек көрсетуді өзіне борыш санағанын айтып өтті.
         «Сын сағатта бәй-жай қарап отыра алмадық. Әріптестермен ақылдаса келе осындай шара ұйымдасытрайық деп шештік. Өйткені бұл азаматтық әрі ағайындық борышымыз. Бүгінгі күн — Қадыр түнімен тұспа-тұс келген екен. «Тас түскен жерінде ауыр» деген сөз бар. Зардап шеккен барша ағайынға Алладан жеңілдік тілеймін. Қандай ауыртпашылық болмасын, бөлісе отырып еңсереміз. Шараға ақпарттық қолдау көрсеткен Нәзия Жоямергенқызы ханымның басшылығындағы Түркі тілдес журналистер қоры мен барша медиа саласының өкілдеріне рақмет айтамын! Біз біргеміз!» деді Йылмаз Кесен.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1