Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТА ЗИЯНКЕСТЕРІМЕН КҮРЕСУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАҚТА ЗИЯНКЕСТЕРІМЕН КҮРЕСУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

МАҚТА ЗИЯНКЕСТЕРІМЕН КҮРЕСУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

         Атакенттегі «Мақта және бақша ауыл шаруашлығы тәжірибе станциясының» ғимаратында құрт көбелегімен күресу жолдарын түсіндіру мақсатында аудандық семинар өтті.
          Осы семинарға ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық мекеме басшылары қатысып, тәжірибелері мен атқарылып жатқан жұмыстары барысын шаруаларға баяндады. Сонымен қатар, семинарда химиляқ препараттарды сатушы «Сингента Қазақстан» компаниясының, «Alem agro» ЖШС компанияларының өкілдері шаруаларға қазіргі таңда қолданылып жатқан тиімді препараттар жөнінде түсіндірді.
         2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы аумағы 60,6 мың гектар егістік жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соның ішінде – 33,6 мың гектарға мақта дақылы, 18,0 мың гектар бау-бақша дақылдары, 3,7 мың гектарына дәнді дақылдар және 1,7 мың гектарға түрлі көкөністер және тағы басқада дақылдар бар.
         Бүгінгі күні шаруалар сол өздері ерте еккен бақша дақылдарын жинап, өнімдерді шет мемлекеттерге экспорттауда. Сонымен қатар, ашық топыраққа егілген бақша дақылдарын суғару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәл осындай жауапты сәтте басты дақылымыз саналатын мақтаға құрт көбелектері ұшып, шанақтарға зақым келтіруде. Құрт көбелегінің 1-ұрпақтары көсек құртына айналып, біраз егістік алқаптарына залалын тигізуде.
           Осы жылы  мақта дақылын шілде айынан бастап суғару жоспарланған болатын. Осыған орай, семинарда «Қазсушар РМК» Мақтаарал аудандық бөлімшесінің мамандары Ыдырыс Стамкулов пен Серік Тоғызбаев тарапынан ағын суға өтінім қабылдап жатқандығы ескертіліп, шаруаларға келісім шартқа тұру, мақта, бақша дақылына бекітлген су бағасы бойынша түсіндірме берді. Ал, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан 2024 жылға мемлекет тарапынан бөлініп жатқан субсидиялар бойынша және оны алу жолдары кеңінен баяндалды.
            Жиынның қорытындысында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров жиналысты түйіндеп, шаруаларға зинакестерге қарсы күрес жұмыстарын сапалы түрде жүргізе отырып, мақта дақылын суғару жұмыстарын тезірек бастауға шақырды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1