Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«КӨҢІЛДІ ЖАЗ – БАҚЫТТЫ БАЛА» МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «КӨҢІЛДІ ЖАЗ – БАҚЫТТЫ БАЛА» МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРІ

«КӨҢІЛДІ ЖАЗ – БАҚЫТТЫ БАЛА» МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРІ

         «Қ.Дәрімбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылының 1-10 маусым аралығында мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған «Көңілді жаз – бақытты бала» атты мектеп жанындағы жазғы лагерь өз жұмысын жүргізді.

        Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
        Лагерь барысында балалар әр күнді көтеріңкі көңіл-күймен бастап, түрлі қызықты іс-шараларға қатысты. Спорттық жарыстар мен эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, оқушылардың шапшаңдығы, ептілігі және командалық бірлігі дамытылды. «Көңілді старттар», футбол, қозғалмалы ұлттық ойындар балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
         Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өмір қауіпсіздігіне арналған танымдық сағаттар өткізілді. Онда жолда жүру ережелері, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын дұрыс пайдалану және жаз мезгіліндегі сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
         Сонымен қатар, лагерьде түрлі танымдық ойындар, викториналар, логикалық тапсырмалар, шығармашылық сайыстар ұйымдастырылды. Балалар өз білімдерін толықтырып қана қоймай, жаңа достар тауып, бос уақыттарын пайдалы өткізді.
         Лагерь жұмысы балаларға жарқын әсер сыйлап, олардың белсенді демалуына, денсаулығын нығайтуына және жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен дайындалуына мүмкіндік берді.
         Осындай мазмұнды демалысты ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздарға, тәрбиешілерге және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
       Г. ДАУЛЕТБАЕВА,
«Қ. Дәрімбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп» КММ
директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы. 

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1